ҚОҒАМ

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты үш мыңға жуық адам жолда қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: baq.kz, архив

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы салдарынан Астана мен Алматы бағыттарын қоса алғанда 3 мыңға жуық адам жолда қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыстық ПД мәліметінше, өңірде алты жол учаскесі жабық күйінде қалып отыр.

Жабық учаскелерде барлығы 1418 көлік жиналған, оның ішінде:

  • 508 жеңіл көлік,
  • 900 жүк көлігі,
  • 10 автобус.

Бұл көліктерде барлығы 2924 адам бар”, - делінген хабарламада.

Айтуларынша, жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.

“Олар ыстық тамақ және ауызсумен қамтамасыз етілуде. Қажет болған жағдайда жылыту және түнейтін орындарға жеткізіледі. Қазіргі уақытта жол бойындағы кафе, мешіттер мен интернаттарға 144 адам орналастырылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол полициясы қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс жолдарында 35 автопатруль және 74 полиция қызметкері қызмет атқарып жатыр”, – делінген ПД хабарламасында.